Сыздық Болат Кенелұлы

Сыздык

Сыздық Болат Кенелұлы - Заң ғылымдарының кандидаты, профессор.

Жоғары және орта арнаулы білім беру саласында 34 жыл еңбек өтілі бар. Сондай-ақ адвокатура мен прокуратура органдарында 4 жыл қызмет істеген.
Болат Кенелұлы ҚР мәслихаттары, Парламенті, Президентіне үміткерлердің сайлауалды штабтарының саяси технологы, заңгері, басшысы ретіндегі қызмет атқарды. Ғылыми-талдамалық материалдар, эссе, очерк жазу, аудару, редакторлық жұмыс, тренингтер мен конференциялар ұйымдастыру және жүргізуді қатар алып жүреді.

Әр жылдарда түрлі қызметтер атқарды:
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған профессоры, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының доценті;
«Bolashaq» академиясының Құқықтық және экономикалық зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері, академияның заң пәндері кафедрасының профессоры;
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Л.Н. Гумеилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Санкт-Петербург Халықаралық Қылмыстанымдық Клубының мүшесі.
Болат Кемелұлы 2007 ж. ЖОО үздік оқытушысы» республикалық мемлекеттік грантының иегері атанды. “Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл” мерейтойлық медалі, “Qazaq Republic – 100” естелік медалінің иегері. Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы әкімінң алғыс хатымен марапатталған.

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің спикері.
Бұдан басқа түрлі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің белсенді мүшесі.