Орынбаева Эльмира Сайлауқызы
Орынбаева Эльмира Сайлауқызы - ақын, «FORMULA» жыр жинағының авторы, тіл жанашыры.
Мамандығы бойынша – педагог, режиссер, қойылым ұйымдастырушысы.
-КМҚК «Кеншілер мәдениет сарайы» басшысының шығармашылық жөніндегі орынбасары;
- Қарағанды қаласының қоғамдық кеңес мүшесі;
- ҚХА облыстық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары;
- «Аmanat» партиясының жанындағы «Miras» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары;
- Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия мүшесі;
- Қарағанды облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Көрнекі ақпарат тілін біріздендіру» жобасының белсенді мүшесі.
Эльмира Сайлауқызы
Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған. Тіл саясаты комитетінің, Аманат партиясы төрағасының, облыс, қала, аудан, ауыл әкімдерінің алғыс хаттарының иегері. Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы байқаудың жылдың үздік қайраткері аталымы бойынша жүлдегері.