Кәріпжанова Мейрамгүл Сейілханқызы

Карипжанова

Кәріпжанова Мейрамгүл Сейілханқызы - Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестірінің» жүргізушісі.

Мейрамгүл Сейілханқызы 1999 жылы Темірбек Жүргенов атындағы театр және кино инситутын “Театр және кино актеры “мамандығы бойынша қызыл дипломға аяқтады. Сол жылдар аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Алтынбек Қоразбаевтың, сазгер Мұрат Құсайыновтың, КСРО-ның халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенованың, Қазақстанның халық әртістері Қайрат Байбосынов,
Мақпал Жүнісованың, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бекболат Тілеуханов, Есжан Әміровтің шығармашылық кештерін жүргізген. Мейрамгүл Сейілханқызы мемлекеттік облыстық, қалалық салтанатты іс-шаралардың тұрақты жүргізушісі.

2005 жылдан осы күнге дейін Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің “Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестірінің жүргізушісі қызметін атқарады.
ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ.