Төрекелдина Дидар Қарсыбекқызы

Торекельдина

Төрекелдина Дидар Қарсыбекқызы - Қарағанды қаласы «№61 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

- Ұлағатты ұстаз ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
«Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері
Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы атағына лайық деп танылған.

Саладағы жұмыс өтілі: 28 жыл
Осы жылдар аралығында бірқатар оқушыларды халықаралық, республикалық пән олимпиадаларына дайындап, нәтижесінде оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Соңғы жылдардағы марапаттар:
- Семей қаласындағы Жидебайда өткен XXIII республикалық Абай оқуларында “Абайдың ақын шәкірттері” номинациясы бойынша Қарағанды облысы , Қарағанды қаласы №61 ЖББМ-тің оқушысы Эшкулова Ақшархат I орын иеленіп, Алтын медальмен марапатталды;

Алматы қаласында өткен Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен «Абайтану олимпиадасы» атты V республикалық олимпиадада оқушысы Изат Нұрғасыр І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Алматы облысында өткен республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының "Айтып өткен ақында арман бар ма?"номинациясы бойынша шәкірті Изат Нұрғасыр І орынды иеленді.

Алматы облысы Райымбек ауданында өткен республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының "Жыр эстафетасы"номинациясы бойынша оқушысы Эшкулова Ақшархат БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды. Оқушылары жүлделі орындармен қатар, 2,3 орын иегерлері атанып жүр.

Дидар Қарсыбекқызы еңбекқор, болашақ ұрпақтың ертеңіне алаңдайтын өз ісіне адал ұлағатты ұстаз.