Әмзе Аян Дарханқызы

Емзе аян

Әмзе Аян Дарханқызы – Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясының тергеушісі.

2002 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда қаласында Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат колледжінің түлегі. Дзюдо бөліміне оқуға түсіп ,интернат қабырғасында жүріп дзюдо күресінен бөлек, самбомен де айналысады. Аян Дарханқызы спортпен қатар негізгі мамандық таңдай отырып, Ішкі істер министрлігі Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына тергеуші мамандығы бойынша оқуға түседі.
Қазіргі таңда осы оқу ордасында тергеуші болып қызмет атқарады. Осы салада жүріп өз ісінің нағыз маманы ретінде танылып келеді. Халықпен жұмыс жасау, әділдікке қол жеткізу менің жұмысымның басты бөлігі, дейді Аян.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында жақсы дамыған спорт түрі қоян-қолтық ұрыстың қыр-сырын игере отырып,нәтижесінде әйелдер арасында ҚР Чемпионатының жеңімпазы атанып, спорт шебері атағына да ие болды.

Әмзе Аян Дарханқызы 2022 жылы Қостанай қаласында өткен жарыстарда жүлделі 1 орынды иеленді. Абу-Дабиде өткен Әлем чеспионатында 3 орында болса, Бангкок қаласында өткен Азия Чемпионатынан 1 орынмен оралды.Белсенді жаттығулар мен үлкен еңбектің арқасында Аян Әмзе Тайландта ұйымдастырылған Әлем кубогында 1 орынға ие болды. Әмзе Аян Джиу-джитсудан ҚР спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан ҚР спорт шебері.