Жакупбаева Жанерке Жұбанқызы

Жакупбаева

Жакупбаева Жанерке Жұбанқызы - Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметкері.
Жанерке Жубанқызы Қарағанды қаласы «Болашақ» жоғары оқу орынының заңгер мамандығы бойынша түлегі. Еңбек жолын 2003 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде бастады. Осы салада 20 жыл бойы қызмет етіп келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеп, оларға көмектесу- менің басты міндетім, дейді Жанерке Жұбанқызы. Осы жылдар ішінде бірнеше мүмкіндігі шектеулі балалардың 18 жасқа толып, болашақ өмірге аяқ басуларының куәсі болған жан. Жанерке Жұбанқызы бос уақытына кондитерлік тәттілер жасаумен айналысады әрі қосымша табыс табады. Қазіргі таңда бақытты ана, аяулы әже. Мен қызмет ететін сала үлкен жауапкершілікті, мейірімділікті, шыдамдылықты талап ететінін айтады. Жакупбаева Жанерке бұл қызметті адал жүрегімен, шынайы көңілімен атқарып келеді.