Ассалауова Анар Мұра қызы
Ассалауова Анар Мұра қызы - Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің қызметкері.
2012 жылдан бері үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар тұлғалар бөлімшесінде әлеуметтік қызметкер болып істейді. Бұл салада еңбек еткеніне 10 жылдан артық уақыт болды.
Бұл мекемеде қызметкерлерге қойылатын басты талап- көмекке зәру жандарды жақын тартып, көмек көрсету. Бұл жерде адамның діні,нәсілі, ұлты,жасы,білім деңгейі және қоғамдағы мәртебесі маңызды емес, бастысы жүрек жылуын білдіріп, қол ұшын беру, дейді Анар Мұра қызы.
Тек мүмкіндігі шектеулі жандармен ғана емес, отбасы мүшелерімен де тығыз жұмыс жасайды. Зағип жандарды шығармашылыққа, қол өнерге баулып, тігін ісі,тоқу және тағы басқа өнер түрлерін үйретуден жалыққан емес. Анар Ассалауова бұл салада жұмыс істеу үшін адам күйзеліске төзімді,жан-жақты мейірімді болуы керек,ол үшін үлкен жүрек пен мейірім керек деген ойда.
Мен үшін мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың көзінен кішкентай үміт сәулесін көрудің өзі бір бақыт, дейді Анар Мұра қызы.