Талбаева Әсия
Талбаева Әсия, "Шаңырақ" КМҚК бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.
Мектепті күміс медальмен бітіріп, 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының санитарлық-эпидемиологиялық гигиена факультетіне оқуға түскен.
Ол 1997 жылы тұрмыс құрған. Екі қызы мен ұлы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Балаларының білімін шыңдап, олармен көбірек уақыт өткізу үшін Әсия үй шаруасымен айналысқан.
2018 жылы «Шаңырақ» балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі болады. Қазіргі таңда «Ботақан» тобында жұмыс істейді. Әсия балалармен жұмыс істегенді ұнатады. Әр баланың ойнап, күліп жүруі ол үшін нағыз бақыт.