Тәжікенова Ғалима
Тәжікенова Ғалима, "Балапан" КМҚК бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі.
«Болашақ» академиясының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» факультетін тәмамдаған.
Әр тәрбиеленушінің жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталған шығармашылық тәсіл мен әдістерді шебер пайдаланады. Балаларды және олардың ата-аналарын мәдени шаралар мен байқауларға тартады. Ол өзінің біліктілігі мен кәсіби деңгейін арттырады, үнемі ізденіс үстінде, ата-аналармен жұмыс істеуге көп уақыт бөледі. Қалалық, республикалық конференцияларға әдістемелік құралдар мен мақалалар дайындайды.
Ғалима Қарақатқызы – жауапкершілікті сезінетін, адамгершілігі мол, балалармен, әріптестермен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста. Ол ертеңгілік және балабақшадағы әртүрлі іс-шараларда қажетті атрибуттарды жасап, белсенділік танытып жүреді.