Алтынбекова Шариза

Алтынбекова Шариза

Алтынбекова Шариза, "Оқушылар сарайы" КММ директоры (2009-2022 жж.).

Жезқазған педагогикалық институтын бітірген, география және биология пәнінің мұғалімі. Ол өз қызметіне жауапкершілікпен қарайды, әріптестері, білім алушылар және олардың ата-аналары арасында үлкен беделге ие. Үнемі өзін-өзі жетілдіруге, жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін іздеуге ұмтылады.

Облыстық, республикалық деңгейде семинарлар, шеберлік сабақтары, байқаулар ұйымдастыру және өткізу, мұғалімдерге білім беру бағдарламаларын, мақалаларды, жобаларды әзірлеуде консультативтік, әдістемелік және практикалық көмек көрсету жұмыстарын үнемі жүргізеді.

Шариза Далабайқызы - Қарағанды облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы үйлестіру кеңесінің мүшесі, әлеуметтік мәселелер жөніндегі қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі.

Қарағанды қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, облыс әкімінің «Үздік қосымша білім беру педагогы» сыйлығымен марапатталған. «Қосымша білім беру саласының 100 даңқты есімі» республикалық байқауының жеңімпазы.