Кернебаев Айдын Сапарұлы
Кернебаев Айдын Сапарұлы, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жетекші ғылыми қызметкері (Қарағанды қ.), философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор.
1986 жылы 22 қыркүйекте қызметшілер отбасында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті бола жүріп, «Қайсар» республикалық қоғамдық жастар қозғалысының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары болып сайланды.
2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында докторлық диссертациясын қорғады.
2022 жылдың сәуір айында Айдын Кернебаев Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің проректоры болып тағайындалды. Ол жас ғалымдардың ғылыми-шығармашылық әлеуеті мен ғылыми зерттеу нәтижелерін жүзеге асыруға белсенді түрде қолдау көрсетеді.
Соңғы бес жылда ол 100-ге жуық ғылыми жарияланым дайындады. Өңірлік және халықаралық деңгейдегі әртүрлі конференциялар мен дөңгелек үстелдердің ұйымдастырушысы әрі модераторы болды.
Айдын Сапарұлы «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, «Қазақстан педагогтарының 100 жаңа есімі» республикалық байқауының және «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру республикалық байқауының жеңімпазы.
Айдын Сапарұлының отбасы — үш буынды ғалымдар әулеті, ол үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр. Оның отбасы «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпазы атанды.