Әбішев Жанат Балташұлы

Әбішев Жанат Балташұлы, «Бірыңғай қызметтер орталығы» заң консультанттары палатасының мүшесі.

1969 жылы 27 сәуірде Жаңаарқа кентінде дүниеге келген. Бала кезінен кітап оқуға әуес болып, тарих пен география арқылы әлемді танып-білді, сондай-ақ табиғатты ерекше жақсы көрді.

Мектепті бітірген соң Қарағанды политехникалық институтына түсті. Оқу кезінде әскери қызметке шақырылып, кейін Қарағандыға оралды. Институтті аяқтағаннан кейін Жаңаарқа аудандық ішкі істер органдарында қызмет етуді таңдады, ал кейіннен Қарағанды заң институтын бітірді.

Ішкі істер органдарында 12 жыл қызмет атқарғаннан кейін, Жанат Әбішев жеке практикаға көшу туралы шешім қабылдады. Ол заң саласындағы еңбек жолын 32 жыл бойы жалғастырып келеді. Заңға қызмет етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жылдар оның өміріндегі ең маңызды кезеңге айналды.

Бүгінде Жанат Балташұлы өз ісіне деген адалдығын сақтап келеді. Қызмет еткен жылдары ол мол тәжірибе жинақтап, жоғары беделге және терең құрметке ие болды. Оның кәсібилігі, адалдығы мен жоғары адами қасиеттері үлкен мақтаныш сезімін тудырады.