Сман Расулла Бейбітұлы

Сман Расулла Бейбітұлы, Қарағанды облысы Полиция департаменті Қарағанды қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны.

1996 жылы 14 тамызда Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылында дүниеге келген.

2019 жылы Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын бітіріп, Жезқазған қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілі лауазымына тағайындалды.

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Расулла Сман Қарағанды қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарып келеді. Ол өз жұмысын жаңа адамдармен танысуға және азаматтарға шынайы құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік беретіндігі үшін ұнатады.

Расулла Бейбітұлы — отбасылы, екі баланың әкесі.