Джургумбаев Дастан Куатович
Джургумбаев Дастан Куатович, Қарағанды облысы Полиция департаменті Қарағанды қаласы Полиция басқармасының Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны.
Дастан Джургумбаев 1989 жылы 6 қыркүйекте Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ кентінде дүниеге келген. 9-сыныпты аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш. Уәлиханов атындағы Кадет корпусына түсіп, онда орта білім алды. 2008 жылдың тамыз айында келісімшарт бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына жіберіліп, 2013 жылға дейін әр түрлі командирлік лауазымдарда әскери қызмет атқарды.
2010 сырттай Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Көлікті пайдалану және тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы «Болашақ» академиясында «Юриспруденция» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
Қарағанды облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасында постылық полиция қызметкері, полиция жүргізушісі, Қарағанды қаласы Полиция басқармасының Орталық полиция бөлімі жедел кезекшілік бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
Әкесінің жолын қуған Дастан Джургумбаев үшін полициядағы қызмет – жай -күй ғана емес, бұл өмір салты, қоғам алдындағы тәулік бойына жалғасатын жауапкершілік.
Үйленген, екі баланың әкесі.