Құрметті отандастар!
Бүгін ресми Бұқаралық ақпарат құралдарынан Елбасы Н.Назарбаевтың коронавируспен ауырып қалғаны туралы ақпаратты естідік. Әрине, бір түрлі болып қалдық. Бұл аурудың ешкімді аямайтынын көріп отырмыз. Сондықтан, еліміздің дамуына, оның ішінде денсаулық сақтау саласының өркендеп өсуіне барлық жағдайды жасаған Елбасына денсаулық тілейміз. Аман-есен ауруды жеңіп, әлі де болса өзі құрған Тәуелсіз Қазақстанды жаңа жетістіктерге жеткізеді деген сенімдеміз!
Қарағанды облысының бір топ азаматтық қоғам өкілдері.