Ақпаров Нұртас Тыйштықбайұлы
Ақпаров Нұртас Тыйштықбайұлы, Қарағанды облысы Полиция департаменті Қарағанды қаласы Полиция басқармасының кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты.
1992 жылы 3 тамызда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ақтасты ауылында дүниеге келген.
2008 жылы мектепті бітіргеннен кейін Абай Құнанбайұлы атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжіне технологиялық бөлімшеге түсті. Армия қатарында әскери қызметін өтеді.
2022 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұртас Ақпаров Қарағанды облысы Полиция департаменті Қарағанды қаласы Полиция басқармасының жеке құраммен жұмыс істеу бөлімінің (кадр жұмысы бөлімінің) аға инспекторы болып жұмыс істейді.
Орталық-Қазақстан Академиясын «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
Үйленген, қыз тәрбиелеп отыр. Бос уақытында спортпен шұғылданады, көркем әдебиет оқиды.