Нұрғали Жалғас Әбеубәкірұлы
Нұрғали Жалғас Әбеубәкірұлы, Қарағанды облысы Полиция департаменті Қарағанды қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция полкі қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны.
Балалық шағы Шығанақ ауылында өтті. Ата-анасы әрқашан адал болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық танытуға, еңбекқорлық пен жауапкершілікті бірінші орынға қоюға тәрбиеледі.
Мектепті бітірген соң Қарағанды қаласының Банк колледжіне түсіп, «Юрист» мамандығы бойынша білім алды.
2015 жылы әскери борышын өтеп келгеннен кейін Қарағанды қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция полкіне жұмысқа орналасты. Осылайша Жалғас Нұрғалидің құқық қорғау саласындағы еңбек жолы басталды. 2018 жылы Орталық-Қазақстан академиясын бітіріп, жоғары заңгерлік білім туралы диплом алды.
Құқық қорғау органдарындағы қызмет — бұл жай ғана кәсіби міндет емес, қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Заңдылықты сақтау, қоғамдық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ халықтың сенімін ақтау — Жалғас Нұрғалидің қызметтік қағидаттарының негізі.
Үйленген, екі қыз бен бір ұл тәрбиелеп отыр.