Аманкелді Сеит Аманкелдіұлы

Аманкелді Сеит Аманкелдіұлы, Қарағанды облысы Полиция департаменті Қарағанды қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты.

1990 жылы 26 қаңтарда Жезқазған облысы Ағадыр кентінде дүниеге келген.

2009 жылы Қарағанды қаласы Банк колледжін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесі берілді. Бақылаушы, сауда жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді, келісімшарт бойынша әскери қызметті өтті.

2022 жылы Сеит Аманкелді Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бүкенбаев атындағы Алматы академиясында тыңдаушы ретінде оқудан өтті. Қазіргі уақытта Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі лауазымында қызмет атқарады.

Сеит Аманкелдіұлы — отбасылы, төрт баланың әкесі.