Әзимов Фарид Махмұдұлы

Әзимов Фарид Махмұдұлы, Қарағанды облысы Полиция департаменті Қарағанды қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторы, полиция аға лейтенанты.

1994 жылы 6 қарашада Түркістан облысы Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. 9-11 сыныптарда Сабыр Рахимов атындағы әскери мектепте оқыды. 2013 жылы әскери қызметті өту үшін армия қатарына шақырылып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеді. Әскери қызметін аяқтап, үйіне оралған соң, Қарағанды қаласындағы «Болашақ» академиясына оқуға түсті.

2016 жылы Фарид Әзимов ішкі істер органдарына қызметке қабылданды. Содан бері құқық қорғау саласында адал еңбек етіп, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарып келеді. Қызмет барысында заңдылықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіне адал қызмет етуді өз басты борышы санайды.

Фарид Махмұдұлы — отбасылы, үш баланың әкесі.