Төлтаева Факизат Мұқанқызы
Төлтаева Факизат Мұқанқызы, Қарағанды облысы Полиция департаменті Қарағанды қаласы Полиция басқармасы Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі.
1978 жылы 5 қазанда Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылында дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқыды. 2007 жылы Қонаев атындағы университетінің заң факультетін бітірді.
Ішкі істер органдарындағы қызмет өтілі 22 жылды құрайды.
Факизат Мұқанқызының қызметінің негізгі бағыты — кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау.
Полицияның жағымды имиджін қалыптастыру және балалардың ішкі істер органдарының қызметіне деген сенімін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» іс-шараларын ұйымдастырады, бұл ретте оқушыларды полиция қызметінің ерекшеліктерімен таныстырады.
2021 жылы Факизат Төлтаева Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен, сондай-ақ I, II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды.
Факизат Мұқанқызы — отбасылы, қыз тәрбиелеп отыр.