Балапанова Кундыз Сериковна

Balapanova1971 жылы 30 маусымда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. 1994 жылы география-биология мамандығы бойынша Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірді. 2001-2002 оқу жылынан бастап Қарағанды қаласында Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияда биология-география пәндерінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді. 

 «Инновациялық білім беру ұйымдарының үздік педагогы» номинациясын жеңіп алып, Қарағанды облысы әкімінің білім саласындағы сыйлығының лауреатымын. 2018 жылы «Үздік педагог» атағының игері болып, төс белгісімен марапатталды. 

2013-2014 оқу жылында ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарлама аясында І (ілгерінді) деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтады. 2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен өткізілетін республикалық апелляция мүшесі болып жұмыс атқарды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге, Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ), Жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға және Жоғары оқу орындарына түсу емтихандарына арналған тест тапсырмаларының әзірлемешісі және сараптамашысы. Республикалық ғылыми-әдістемелік кеңестің мүшесі. 2016 жылдан бастап ҚР білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сарапшысы болып жұмыс атқарып келеді. Қарағанды облысының биология және химия пән мұғалімдерінің «Өркен» қауымдастығының жетекшісі. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша тренер болып қызмет атқарады. 2016 жылдан бастап Қарағанды облысы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебінің оқытушысы.

Оқу-әдістемелік құралдардың авторы, атап айтсақ, «Сборник контрольных работ с интегрированным компонентом Раздельный сбор отходов», «Биология пәнінен 8-сыныпқа арналған модульдік оқыту технологиясы бойынша әдістемелік құрал», «Биология кесте және сызбаларда. Жануарлар», «Биология кесте және сызбаларда. Адам денсаулығы» және 7 сыныпқа арналған «Биология» оқулығы.