Калтаев Нурлан

Kaltayev2016 жылы жас жеткіншектерді  Отан сүйгіштікке және де салауатты өмір салтын тәрбиелеу мақсатында ABADANFC клубын ашты. Бүгінде бұл залдан 100ден астам спорт  шебері, Қазақстан, Азия, Әлем чемпиондары шықты. Қазіргі уақытта 180-нен астам бала қаламыздың үздік ABADANFC залында спортпен айналысып жүр.  ABADANFC  болашағына үлкен үміт артамыз, оған себеп ABADANFC филиалдары басқа мемлекеттерде көптеп ашылуда. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қоянды ауылындағы филиалда 60-тан астам шәкірт тәрбиеленеді. 2017 жылы ABADANFC клубы ABADAN FIGHTING CHAMPIONSHIPS профессионалдық лигасын құрып, өзінің ауқымын кеңейтті. Алғашқы турнирін Серік Сапиев атындағы бокс  орталығында ең жоғарғы деңгейде өткізілді, ABADAN FIGНTING CHAMPIONSHIPS лигасының соңғы турнирі Туркия мемлекетінің  Стамбул қаласында 22 желтоқсан Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне орай арнайы өткізілді. Бас аяғы қазіргі таңда 9 турнир өткізіліп, әр турнирге Қазақстаннан және СНГ мемлекеттерінің үздік 24 жауынгері қатысты, яғни 216 кәсіпқой спортсмен ат салысты. Ол спортсмендердің 20-дан астамы қазіргі уақытта әлемдік аренада өнер көрсетіп жүр. ABADANFC турнирына Еуропадан және Азиядан тепсе  темір үзетін үздік спортшылар қатысады.Турнирды Қазспорт және БоксТВ телеарналары трансляция жүргізеді.Бұл ABADANFC лигасының дұрыс жолда және тез қарқын алып жатқанының айқын айғағы. Және айта кететін жайт, ABADANFC академиясы. Академияның басты мақсаты мінез-құлқы бұзылған (девиантты) балалармен жұмыс. Балаларды спорт және тәрбие арқылы дұрыс жолға бағыттау. Бұл программа аясында жылына 170 баланын тәрбилеу жоспарда бар. Балаларды аптасына 6 рет спортпен айналыстыру, аптасына 2 рет психологпен кездестіру.  Жылына 30дан астам спорт турнирлеріне, жылына 5 рет сборларға қатыстыру т.б істерді қамтиды.